Мұстафа Шоқай: Көзқарас эволюциясы

483

0

Фото: ашық дереккөз

Бүкіл саналы ғұмынан өз халқының бостандығы үшін сарп еткен, Шетелдік эмиграцияның ең ірі және қазақ тарихындағы ең тұңғыш эмиграциялық күрескер Мұстафа Шоқайұлы еді (1890-1941).

Біз бүгінгі күн биігінен Мұстафа Шоқайұлының азаттық үшін күрестің қазақ тарихындағы мүлдем жаңа түрі мен кезеңін бастап бергенін, оның «Жас Түркістан» сияқты журналдардың, «Түркістан кеңестер билігі езгісінде» сияқты белгілі еңбегінің оның айғағы екендігін мойындауымыз керек.

Ол өзінің бар күш-жігерін, үлкен дарынын батыста Кеңес өкіметінің Түркістандағы отаршыл саясаты жөнінде әділ, турашыл көзқарас қалыптастыруға, сол арқылы өз Отанына қызымет етуге арнады. Ревалюциялық өзгергістен күткен үміті ақталмасына көзі жеткен Мұстафа Шоқай да А.З.Валиди сияқты «Россияның ішіндегі күрес мусылмандардың құқын қамтамасыз ете алмады, әрине, бұл өкінішті-ақ, сондықтан да күрес енді халықаралық сипат алмақ. Менің  мақсатым –  бұл елдердің талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу» – деп айтуға толық құқы бар еді. Мұстафа Шоқайұлы  саяси қараткер болуымен бірге көсем сөздің шебері, қабілетті зерттеушуі, заңгер көрнекті ойшыл да еді. Ол өз заманында саяси-әлеуметтік қатнастарды зерттеп, ылғида қоғамдық, өзгерісте болып жататын  күрделі құбылыстардың  тұтас болмысын талдап,  тұжырымдап  отырды. Осыған байланысты Мұстафа бірқатар күрделі еңбектер жазады. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін шетелге ауып, большевиктік саясатқа  қарсы күресін Мұстафа Шоқайұлы өмірінің соңына дейін тоқтатпады.

XX ғасырдың бас кезінде қазақ халкының ұлттық намысын қорғап,  жоғын жоқтаған үлкен бір зиялы топ саяси курес жолына түсті, тарихи  сахнаға көтерілді. Бұл ауыр жол еді, өйткені оларға қарсы империялық  күштер басым болатын. Ара салмақтық теңсіздікті бостандыққа ұмтылған халықты (оның көсемдерін де) қанды кырғынға, экономикалық апатқа ашаршылыққа, мәдени күйзеліске ұшыратты. Ақ империялық бұғауыдан құтылмай жатып, қазақ халқы қызыл империяның тепкісін көрудей-ақ көрді:    оның    жартысынан    артығы    жойылды,     саяси    көсемдерін «буржуазияшыл», «ұлтшыл», «халық жауы» деген жаламен түрмеге жапты, атты, көзін кұртты. Өзімен бірге олардың зор ғылыми, әдеби, тарихи мұралары да жойылды. Өздеріңізге белгілі, қазан тенкерісі алдында, Мұстафа Шоқайұлы 1914 жылы Әлихан Бөкейхановтың тікелей араласуымен Ресейдегі мемлекеттік думасының мушесі әрі сондағы өкілі ретінде 1916-1917 жылдары  Петерборда қызмет атқарды. Астанадағы, бүкіл елдегі, әсіресе, майдандағы  саяси-әлеуметтік ахуалды түсініп отырды. Ол: «1917 жылы қарашада  Петербор мен Мәскеуде революция басталғалы тұрғаны белгілі еді. Патша  Өкіметі елде бейбітшілік жасауға дәрменсіздгін жасыра алмады.  Жұмысшылар қауымы ашықтан-ашық революциялық күреске әзірленді деп керсетті. Расында Ресейде патшалық режимнің айықпас саяси дағдарысқа  ұшырауының салдарынан халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті. Ет пен нанның, кант пен майдың жетіспегендігі халықтың ызасын келтіріп, төзімін тауысты, халық қаптап көшеге шықты». Бұл, әрине, әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап еткен, қалың бұкара наразылығының көтеріліске ұласуы еді. Осының бәрінің куәсі болған Мұстафа: «әскер, жумысшылар топ-тобымен кетеріліске халық жағына қарай шығып кетті. Өкімет бұл қуатты козғалысты басуға дәрменсіз еді», – деп керсетті. 1917 жылы 28-ақпанда төңкеріс жеңеді. Мұстафа Шоқайұлы оны ой елегінен өткізіп, өзіндік саяси-әлеуметтік қорытынды жасап, ақпан төңкерісінің нәтижелерінен үлкен үміт күтті. Бұл төңкерісті Түркістанға, қала берді қазақ халқына бостандық, мемлекеттілік береді деп үміттеді. Ұлт азаттығы залымдардың зұлымдылығынан, өз мүддесін ойлайтындардың талауынан жұртты сақтайтын қорған болар еді. Яки, отарлық бұғаудан құтылып, еркіндікке жету саяси-әлеуметтік  қатынастарды  тубегейлі өзгертіп, Ресейді жайлаған түркі халықтарына демократиялық-қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға жол ашады. Ол прогреске апарады деп тусіңді. Бұлай түсінудің бір себебі, Мұстафаның өз сөзімен айқанда, теңкеріс алдындағы «орыстық революцияшыл-демократтарының саяси көзкарасы өзге халықтар (Ресейдің қол астындағы – П.С.) өкілдерінің сол көздегі ой-пікірлерне жақын еді. Революционерлер орыс патшалығы жойылса, мемлекет құрылымы демократиялық  бағытта өзгереді деген пікір болған». Осы пікірді айтқанда М. Шоқай: «Патшалық құлап, революцияшыл демократтар билік басына келсе, орыс мемлекетінің бізге жасаған қиянаты жойылатынына әрі басқа өлкелерде қең ауқымды «ішкі ұлт мәселесі» құрылатынына бұл өлкелерде (Түркістан) орыс қоныс аударушыларының  үдере кешуі, тоқтатылатынына сенетінбіз», – дейді.

М. Шоқайұлының саяси әлеуметтік көзқарасының өзгеруі бұл көп нәрсені аңғартады:

1.  Патшалық Ресейдің бұратана деп аталған халықтардың қатаң езгіге салғанын сыпайылап, «қиянат» жасады деп керсетеді. Ол қиянаттың мені – отарланған халықтардың соның ішінде қазақ, ұлтын да барынша езіп    әлеуметтік   дамуын    тежеп,    Қазақстанды    бүкіл    Түркістанды империяның шикізат көзіне және дамып келе жаткан орыс капитализмінің рыногына айналдырды.

2. Екіншіден, ұлт мәселесі деп ұмтылғанда Мұстафа қазақ, сияқты ұлттар өзінің саяси-әлеуметтік, мемлекеттік құрылымын автономия ретіңде  алады,   мұның  өзі  бұратаналарды  отарлық езгіден  құтқарып, халықтың  әлеуметтік халін жақсартады деп күткен еді.

3. Үшіншіден  Қазақстанға  орыстардың  қоныс  тоқтатылса,  қазақ, жерін отарлау да тыйылып,  қоғамдағы әлеуметтік қатынастар шиеленгені бәсендер еді деген терең ой жатыр.

Мұстафаның бұл үміті ақталмады. Орыс демократтары іс жүзіңде сынақтан өте алмады. Мен әділмін деп, кеуде соққан революционерлер үкімет басына келгеннен кейін орыс емес халықтар өкілдерін биліктен шеттетіп, маңайына жолатпай қойды. Ақпан төңкерісінің нәтижесінде үкімет басына келгендердің империялық, шовинистік пиғылы қозып, ұлттық, қозғалыстарды қолдамады. Осыған орай Мұстафа: «Қазақ, арасындағы ұлттық, қозғалыстың бәріне де орыс әкімшілігі қарсы» деп жазды. 1917 жылы 10-сәуірде Ташкентке келіп, Түркістан» өлкесін   жұмысшы  солдат депутаттары кеңесінің құрылтай жиналысында сөйлеген халыктың социалист Никора дегеннің: «революцияны орыс революционерлерінің орыс жұмысшы солдат депутаттары жасады. Сондықтан Түркастанда барлық мекеме билігі орыстардың қолында  болуы тиіс, жергілікті халық біздің бергенімізге қанағаттануы керек», деп айтқанын ашына жазады. Мұстафа өз естеліктеріңде демократтардың мақтап жүрген ақпан    төңкерісінің қазақ даласында әрі саяси, әрі әлеуметтік теңсіздікті кушейте түскенін керсетеді. Түркістандағы орыс жұмысшыларды, әсіресе,  солдаттарды «революция заңы» дегенді сылтау етіп, жергілікті халықты заң алдындағы былай тұрсын, табиғи құқықтарының өзін аяққа таптап  өрескел бұзып отырған. Сол уақыттағы тарихи жағдайға осындай саяси-  әлеуметтік  күйден  құтылудың мүмкін болар жолы – ұлттық автономия алу деп есептеген.

М.Шоқайұлы автономияның мәнін былай түсіндіреді: «Түркістанның  дербес ел басқаратын мекемелері мен атқару органдары, яғни заң  шығаратын Парламенті және іс жургізетін үкіметі  болуға тиіс. Сыртқы  саясат, қаражат, жол, әскери істер Ресей федерациясының үкіметінің ісі  деп есептеледі. Оқу, ағарту жұмыстары жергілікті мекемелер заң және жер  мәселелері бәрі жергілікті автономиялы үкіметтің ісі деп қаралады».

  Ташкенттегі орыс қаумы, – деп көрсетті М. Шоқай, – тек Түркістандағы  автономиялық басқару мекемесінің ашылуына карсы болып қоймастан,  барлық түркістандықтардың орыстармен құқы тең болуына да қарсы.           

Жағдайды шиеленістіріп, уакытша бермеуді ойлап, Ресейдегі  мұсылман халықтары өкілдерінің біразы федерацияға кіруді қолдады,  федерацияны қолдау, – деп көрсетті Мұстафа, – «бұл орыс демократиясына, әсіресе, орыс революцияшыл демократтарына сену деген сөз. Ақпан  революциясынан кейінгі тәжірибе оларға сенудің қажет екенін көрсеткені жоғарыда айтылды. Орыс демократтары бұрын Ресей отарлығында болған аз санды ұлттарға ұлы державалық менмендікпен қарады, жазылмайтын  дерт сияқты. Оның қазіргі кездегі Ресей демократтарының іс-әрекетінен де  көруге болады». Қалыптасқан саяси-әлеуметтік ахуалды талдай келе М. Шоқай: «өз елінің бостандығын тілейтін азамат ең алдымен орыс  партиясына күреске топтастыру ісіне батыл кірісуі керек», – деп түйеді.

Мұстафа  Шоқай  Ресейде және  бүкіл  елде болып  жатқан  әрбір  өзгерістерді жетік бағылап отырды. Оны ресми деректермен, құжаттарға  сүйене  отырып,  қазан төңкерісінің  алғашкы  кезеңінде-ақ Түркістанда  саяси-әлеуметтік   ахуалдық бұрынғыдан      бетер   шиеленісіп   кеткенін,  бұрынғы отарлау саясатының жалғасын  тауып жатқанын сипаттайды.  Мәселен, 1917 жылы, «Қазіргі уақытта өлкелік төңкерісінің жоғары өкімет  органдарына мұсылмандарды енгізудің қисыны жоқ», – деген шовинистік бағыттары тұжырымына қарсы шықты. Осы құрылтайдың отаршылдық мәнін ашып керсеткен Б.Тагаевтың 1927 жылғы жарияланған «Раушан гулі  мен қызыл  қан  алғабында»  деген   кітабындағы   «Жаңа кеңестік үкіметінің отаршылдық сипаты Кеңестердің 3-түркістандық  құрылтайының қарарында бекітілді» деген тұжырымға Мұстафа да қосылды. Қазан төңкерісінің Түркістан халықтарына еркіндік, әлеуметтік жеңілдік әкелмей, қайта азап әкелгенін дәлелдеу үшін Мұстафа Шоқай көбіне үкімет басындағы ресми адамдардың белгілі мәліметтерін мысал келтіріп өзінің саяси-әлеуметтік қөзқарасын толықтырып отырды. Өйткені, нақты әлеуметтік жағдайды жасыруға лажы жоқ кейбір үкімет басшылары шындықты айтып жазуға мәжбүр болған. РСФСР Халық комиссарлар советінің орынбасары Т. Рысқуловтың «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» (1925 жыл) деген кітабындағы фактілерге де, Түркістан Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы большевик Сорокиннің жазбаларында орынды пайдаланған Сорокин кеңес солдаттары,  «мұсылмандардан бәрін тартып алып, сөйтіп қана қоймай оларды өлтіріп те тастайды. Біздің солдаттарымыз корғаудың орнына тонаумен айналысады. Мұсылман ұлтшылдары тек қана қорлауды көре тұрып, бізге қалайша достарша қарасын?. Оларды өзіміз ұлтшыл жасаймыз», деп сол кезде Түркістан халқының әлеуметтік ахуалын сипаттаған Мұстафа Шоқайұлы Сорокиннің селемдемесін мақұлдай келе, «Түркістандағы кеңес үкіметі Түркістандық кедейлердің, Түркістандық әйелдер мен балалардың сүйегінің үстіне орныққан», – деген. Яки «казан теңкерісі бұрыңғы буратана халықтарға әлеуметтік прогресс әкелмей, қайта жаңа отарлау бұғауын әкеледі» деген тұжырымдарын растай түседі. Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік проблемаларға арналған «Қазақ жеріндегі ашаршылық» деген очеркінде Мұстафа Шоқай 1921 жылғы қазақ қоғамының үлкен дертке, қатты ашаршылыққа ұшырауының басты себептерін керсетеді:

1.   Жұттың салдарынан малдың қырылуы;

2.  1920 жылғы қатал қыстың ерте түсуі;

3.   Пішеннің жетіспеуі, жайылымның тақырылуы.

Мұстафа — халықтың аштықтың қырылуы одан ғана емес деп түсіндірді. Қазақтың малдары жұттан ғана қырылмай, малдың қызыл Армия пайдасына тартып алудан да күрт кеміп кеткенін нанымды деректермен дәлелдеп отырады. Мәселен, БОКАК-ның Түркістан істері жөніндегі комиссияның мүшесі большевик Сафаров былай деп жазады: «Бұл жерде социалистік деректер қабылданғанымен олар сөз жүзінде қалған, ал іс жүзінде «национализациялау», «конфискелеу» деген сылтаумен жер-жерде малды халықтан зорлықпен тартып алу орын алған».  Мұстафа Шоқайұлы Қазан төңкерісі қазақ даласына бостандық, әлеуметтік әділдік емес, қайта кедейлік, құқықсыздық, қырғын әкелді деп тұжырым жасайды.

Сонымен қатар Мұстафа Шоқай Қазақстандағы жұмысшы табының ұлттық ­құрамына тоқтайды. Өнеркәсіп саласындағы қазақтардың жоқтың қасы екенін атап айтады. Өнеркесіпте қазақтардың кем болуының басты себептерінің бірі (Морозов 6 парт. конферен. баян.) – «орыс жұмысшылары ұлы державалық пиғыл танытады. Олар жұмысшы қазақтарды өздерімен бірге бір үйде тұруға жібермейді», «Жұмысшылар шахтада істейтін жұмысшы қазақтарды үнемі жәбірлейді. Завод комиттетерінде бірде-бір қазақ жоқ». Ұлттық, қатынастарды сипаттай келе: «Ескі орыстық ұлы державалық, саясаттың тіл перзенттері… әлі күнге дейін езілген халықтарға өзінің үстемдігін танытқысы келеді», – деген қорытынды жасалады. Осы сияқты саяси әділетсіздік, адам құқын өрескел бұзу, орыстардың нәсілшілдік әрекеттерін керсететін көптеген деректер келтіре отырып, Мұстафа Шоқай қазақ халкының әлеуметтік бұғаудың жаңа түріне кезіккенін Кеңес Үкіметінің қазақстандағы жоғарыда көрсетілгендей ауыр, күрделі де шытырман, саяси әлеуметтік проблемаларды шешуде пәрменсіздік көрсетіп отырғанын шенеді. Ал мұның өзі ол Қазақстанның мемлекеттік құрылымына байланыстыра қарайды. Өйткені Қазақстанда шын мәнінде ұлттық-территориялық автономия жоқ деген қорытындыға келеді. Мұстафа жалпы коммунистердің басшылық етуіне қарсы емес.

Бірақ, ол: «Қазақ ұлтынан шыққан коммунистер маңызды мемлекеттік қызметке басшылық жасағанда, қазақ ұлтынан шыққан пролетарлар болса, басқаруға қатысқан немесе тым болмаса оған ықпал жасағанда ғана жалпы Қазақстан туралы өзін-өзі басқаратын ұлттық мемлекеттік бірлігі туралы айтуға болады»- деген пікір түйіңдейді.

Қоғам өміріндегі ең түйінді меселесі, осыған байланысты Мұстафа Шоқай, Кеңес Үкіметінің 20-жылдары Қазақстанда жүргізген жер саясатына талдау жасап, бұл жөнінде өз ойын айқын баяндайды. Оны да большевиктер партиясының құжаттарына, Голощекиннің баяндамасына сілтеме жасай өз ой-пікірлерін білдіреді. Голощекин: «Бізде  жаппай жерге орналастыру (қазақтарды) жөніндегі жобаларға патшалық болмаса да бәрі бір кедейлер бұдан ешқандай пайда көрген жоқ» дегеніне ой жүгірте отырып, Мұстафа Шоқай оның себебін – қазақтарға тек жарамсыз жердің тигендігінен, құнарлы, сулы жерлерді орыстар иелігіңде қалып отырғандығынан  іздейді. Шындығында оның бұл ойында үлкен шындық бар еді.  Әлеуметтік  қатынастардың үлкен бір саласы – рухани қатнастар. Оны өркендетудің бір жолы – халық ағарту ісін дамыту. Бұл үшін ең алдымен жастарды  оқыту, мектептер  ащу қажет. Бірақ, 20-шы жылдардың аяғында дейін Қазақстанда бұл салада өнімді еш нәрсе істелмеген. 1911 жылы  орыс-қазақ мектептерінде бір оқушыға он жеті сом   жұмсалса, 1926-1927 жылдары – жеті сом жетпіс тиын, яғни екі есе аз жұмсалған. Оның үстіне, «қазақ болса,  ал орыс  мектептерінің 28 проценті үймен камтамасыз етілген. Мұстафа Шоқай міне осындай статистикалық мәліметтерді ескере отырып, қазақ мектептерінің мүшкіл халімен қатар окыту ісіндегі теңсіздікті көре білген. Мәселен, Сырдария  губерниясында қазақтар халықтың 79 процентін құраса да ондағы мектептерде оқитын қазақ баласының үлесі 6 процент болған. Ал орыстар, т.б. еуразиялық ұлттардың үлесі 95 процент бола тұрып, оқитын балалар үлесі 53,2 процентке жеткен.

Мұстафа Шоқайұлы, міне, осыендай деректерді дәлелдеп көрсетеді. Тәуелсіздіктің  жаршысы болған Мұстафа Шоқайдың басты мақсаты Ресей отарындағы бүкіл түркі халықтарының азаттығы еді[10].

1936 жылы Берлинде Түркістан жастарының алдында сейлеген сөзінде Шоқай: «Түркістан  жастары, бірлесіңдер! Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріңе күш қосуларың еліміздің бағытына қызмет етпек. Мұны ешқашан ұмытпандар! Бәріміздің қабылымыз – өзіміздің ата жұртымыз, еліміз Түркістан болмақ! Түркістан ушін өлу, Түркістан үшін жан беру бәрімізге бір мақсат, бір махаббат уазифа болмақ. Мұны ұмытпау керек!» – деген.

Тоталитарлық жүйенің бірден-бір ерекшелігі – ел ішіндегі құрылысқа қатысты ресми биліктің пікірінен өзгеше көзқарастық болмауы. 20-30 жылдары қалыптасқан осындай жағдайда қоғамдық өмірде болып жатқан түбегейлі өзгерістерді сыни көзқарас тұрғысынан талдауға алған жалғыз басылым «Яш Түркістан» еді. Егер біз жоғарыда көрсетілген мәселелерге XX ғасырдың соңындағы биліктен емес, Мұстафа Шоқай белсенді саяси қызметте болған 20-жылдардың тұрғысынан көз салар болсақ, әрине, Мұстафа айтқан идеялар толық негізді болғандығын аңғарамыз.

Пірімбек Сүлейменов

саяси ғылымдарының кандидаты, доцент

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<