Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

214

0

Фото: Жалағаш аудан әкімдігі

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді.

Онда тәуекел топтарға қатысты ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында теологтар мен ақпараттық-түсіндірме тобының рөлі мен орны, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы» аясындағы атқарылған шаралардың нәтижелері қаралды. Сонымен қатар, мәдениет саласында діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізілген профилактикалық шаралар мен объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы мәселелері талқыланды.

Шара барысында  аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция бөліміне мектеп персоналы мен оқушылар арасында төтенше жағдай кезеңінде әрекет ету алгоритміне оқыту бойынша тиісті жұмыстарды атқару тапсырылды.

Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі мен білім бөліміне кәмелетке толмаған тұлғалар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында кешкі уақытта рейдтік жұмыстар жүргізіп, оқушылар мен олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде өткізу тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<