«Өрлеу» Қызылордада пәндік курстар басталды

374

0

3 мамыр – 15 маусым аралығында EdCrunchAcademy-мен бірлесіп өткізілген пәндік құзыреттер шеңберінде Өрлеудің тренерлері білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша бағдарламалар мен ОӘК құру қағидаларын зерттеп, өздерінің авторлық бағдарламаларын жасаған болатын.

Әзірлеушілер кері дизайн принципі арқылы білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесімен танысты, тестология негіздерін игерді, мақсаттар, міндеттер және күтілетін нәтижелерін құрастырды, оқыту нәтижелері негізінде практикалық және бағалау тапсырмаларын жобалауды үйренді.

Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ және орыс, ағылшын тілдері, тарих және бастауыш сыныптар сияқты 12 пән бойынша тестілік форматта 44 білім беру бағдарламасы әзірленді. Жаңа бағдарламаларды дайындау барысында заманауи зерттеу тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар, енгізіліп жатқан бағдарламалар педагогтердің сұраныстарына толық сәйкес келеді.

1 тамыздан бастап «Өрлеу» Қызылордадапедагогтердің пәндік құзыреттіліктерінарттыруға бағытталған біліктілікті арттыру курстары басталды.

Курс барысында мұғалімдер үшін орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларының мазмұнды, пайдалы болатынына сеніміміз мол.

Педагогтердің жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне сәттілік тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<