«ҚазМұнайГаз» IPO-сы: компания 22 қарашада Қызылордада инвесторлармен кездесу өткізеді

455

0

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоу өткізу аясында инвесторлармен кездеседі. Сізді  Қызылорда қаласындағы әлеуетті жеке инвесторларымен кездесуге  шақырамыз.

Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып,  Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.

Спикерлер:

  • Мамытов Дамир Ғабитұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері
  • Нұрыш Нұрдаулет Мұхамедиярұлы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржы департаментінің аға маманы
  • Сыдық Берік Кенжетайұлы, «Фридом Финанс» АҚ-ның Қызылорда қаласындағы филиалдың өңірлік директоры
  • Оспанова Жұмагүл Жұмабайқызы, Halyk тобы

Шара 2022 жылдың 22-ші қарашасында сағат 10-да, Прима парк БО-да (Park Hotel), Қызылорда қ., Қонаев к-сі, 4 мекен-жайында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<