«Қоғамдық қорларды құру және мемлекеттік тіркеуден өту тәртібі»

630

0

Қоғамдық қорлар Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Қоғамдық қорды Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін «Азаматтарға арналған» Мемлекеттік корпорациясы арқылы келесі құжаттар ұсынылады:

1.Қорды құру, қамқоршылық кеңес құрамын бекіту, жарғыны бекіту, қордың мекен-жайын бекіту туралы құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасы (жиналыс төрағасы мен хатшысы қолы қойылған);

2.Қордың басшысын тағайындау туралы қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы;

3.Қордың жарғысы 3 данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде;

4.Қорды құру туралы құрылтай шарт – 1 дана;

5.Төлем түбіртегі (6,5 МРП).

Ескертпе: Қоғамдық қорды құратын адамдар бір отбасының мүшелері болмауға тиіс. (ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 13 бабына сәйкес).

Қоғамдық қорды тіркеу мерзімі – қажетті құжаттары қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Р.БАЙҒАБЫЛОВА,

Облыстық Әділет

Департаментінің Коммерциялық емес

ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің

бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<