СД дискалы кітаптардың таныстырылымы өтті

359

0

Қазіргі заман талабы қоғамның барлық деңгейдегі үдерісінен қалыс қалуды көтермейді. Оның ішінде әлеуметтік ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сұранысының мүмкіндігінше қанағаттандырылып отырғаны жауапты да сауапты іс десек артық айтқандық болмас.

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Қазалы ауданындағы көз жанары нашар көретін оқырмандар үшін «Жаңаша жаңғырған әдебиет» жобасы аясында дыбыс жазу студиясында дыбыстандырылған СД дискалы кітаптардың таныстырылымы өткізілді.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қоғамға бейімдеу, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған басқосуда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының кітапханашысы Жібек Тілеуова мен Қазалы аудандық кітапханасының кітапханашысы Гүлнар Тұрғамбаева зағиптар қоғамының Қазалы аудандық өкілдігінде есепте тұратын бірінші және екінші топ көз мүгедектеріне дыбыстандырылған әдебиеттермен қамтылудың ерекшеліктері жайлы түсіндіріп өтті. Басқосуда қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары, өзекті деген тұстары талқыланды. Ерекше оқырмандардың көркем әдебиеттер туралы ой-пікірлері талқыға салынып, ұсыныстары тыңдалды.

Әлімжан ҚИЯС.

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<