Семинар сабағы өткізілді

488

0

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Қызылорда облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинар сабағында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.

Қызылорда қаласының №2сотының судьясы Қ.Абдуллаев «Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы» тақырыбында баяндама жасап,  қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылатыны, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етілетінін атап өтті. Сонымен қатар, жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілу міндеттілігіне тоқталды.

Семинарда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Изтелеуова «Қылмыстық істі сот отырысына дайындау барысында қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында баяндама жасап,  басты сот талқылауын тағайындауға дайындау кезінде қылмыстық процестің міндеттері сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын тексеру және қылмыстық істі сот процесінің жарыспалылық қағидатының негізінде жан-жақты, толық әрі объективті қарауға дайындау мен қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерді шешу болып табылатынын атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<