Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас мамандары, мемлекеттік аудиторлар Қ.Қамзаев және Н.Қаржауов тарапынан 2022 жылдың I-жартыжылдығында Мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында әлеуметтік инфрақұрылымды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың іске асырылу «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудит барысында жалпы 63 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде процедуралық сипаттағы 19,0 млн. теңге, қаржылық сипаттағы 44,0 млн. теңге.
Атап айтқанда, МДТО ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын есептеу барысында экологиялық аймақта тұрғандары үшін қосымша төлемдерден әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің айлық еңбекақы қорын айқындау формулалары шектеулер ескерілмей әзірленіп салдарынан 33,5 млн. теңге артық есептелініп төленсе, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 97-бабы 6–тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 215-тармағы 6) тармақшасы талаптары сақталмай жалпы сомасы 10,5 млн. теңгеге атқарылмаған жұмыстар үшін бюджет қаржысының негізсіз төленгендігі анықталды.
Осыған орай, Департамент тарапынан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес тиісті шаралар жұмыстары жүргізілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<