Студенттерге арналған семинар-тренинг

1347

0

Кеше Қызылорда «Болашақ» университетінде 1 курс студенттеріне арналған «Бірінші курс студенттерінің достық қарым-қатынасын топтық терапия арқылы қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті өткізудің мақсаты – студенттердің өз–өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым-қатынастарын нығайту, топта жағымды атмосфера қалыптастыру.

Семинар-тренингті ұйымдастырушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ә.С.Боранбаев шараның мақсат-міндеттерін таныстырды. Семинар-тренинг екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жалпы студенттерге достық қарым-қатынасты қалай қалыптастыру керек және қалай ортаға тез бейімделуге болатыны жайлы айтылды. Екінші бөлімде студенттердің достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында түрлі тренингтер жүргізілді. Тренинг басталмас бұрын, тренинг ережелерімен таныстырып және сол ережемен бірігіп жұмыс жасау ескертілді. Тренингке барлық студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Семинар-тренинг соңында студенттермен кері байланыс орнатылып, өткізілген шараға пікірлер айтылды.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының

әлеуметтік мәселелерді психологиялық және

дефектологиялық зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<