Мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді

607

0

Фото: автордан

Жаңа жыл тергеу мекемесі үшін жағымды жаңалықтардан басталды. Себебі, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші «А» есімді азаматша мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Айта кетейік, сотталған азаматша ҚР ҚК-ның 190 бабы 3 бөлігі бойынша 1 жыл 7 ай көлемінде бас бостандығынан айырылған болатын. Жазасын өтеу барасында мекеме қызметкерлерінің өзіне жылы қабақ танытып, жоғарғы білімді азаматтардың қызмет етіп жатқандығын, сондай-ақ, мекемеде жазасын өтеп жатқан әрбір сотталған азаматтарға қамқорлық танытатынын жеткізді. Яғни, жедел бөлім қызметкерлеріне бөлім бастығы әділет подполковнигі Сейдахметов Өмірзақ пен әділет майоры Есжанов Құттыбекке, әділет капитаны Байдүйсен Бекнұрға, әділет аға лейтенанты Бекназаров Жандосқа және т.б мекеменің бірнеше жеке құрам қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар, мекемеде жазасын өтеп жатқан әрбір азаматтарды жеке қабылдап, арнайы уақыттарын бөліп, қамқорлық таныта білген мекеме бастығы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы мен мекеме бастығының орынбасары Әмірбек Азамат Темірбекұлына өзіне деген  ұқыптылығы мен жылы көзқарасын білдіре алғаны үшін ерекше алғысын білдірді.

Бұл алғыс білдіруші қызметкерлердің арасында мекеменің дәрігер мамандары мен теолог мамандары да ұмыт болмады. Денсаулық жағдайына байланысты біраз өзгерістердің болғанын және бұл кезеңдерде мекеменің дәрігер мамандарының біліктілігімен өз денсаулық жағдайын ретке келтіргенінде ашып айтты. Теолог мамандарының нұсқаулығы мен мекемнің ішкі күн тәртібіне кедергі келтірмей намаз оқуды үйренгендігін және жаны сүйетіндігін жеткізді. Психолог мамандарына апта сайын жеке қабылдауында өтіп, жанының олардың моральдық және психологиялық көп көмек бергенін айтып барша мекеменің жеке құрам қызметкерлеріне өмірін оң бағытқа өзгертуге мүмкіншілік бергеніне және көмектесе алғандығы үшін шексіз алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<