14 Наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»
14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін асқа шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Аталған шара бойынша мекеме қызметкерлері «Көрісу күні – Амал мерекесін» мекеме аумағында атап өтті.
15 наурыз – Қайырымдылық
Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Қайырымдылықтың тағы бір пайдасы ол – адамдар арасында мейірімділік орнатып, өзара жақындастырады.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.
Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі – салт-дәстүрі. Ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар насихатталады. Соның ішінде «Бесікке салу» салт-дәстүр үрдісі ұжым қызметкерлері арасында аталып өтті.
17 наурыз – Шаңырақ
Қазақтақара шаңырақ киелі ұғым болғандықтан, халқымыз шаңырақты әрдайым қастерлеп өткен. Себебі, осы шаңырақ арқылы ұлтымыздың тамыры тереңге жайылып, ынтымағымыз берік сақталды.
Шаңырақ күнінде отбасы құндылықтары кеңінен дәріптеледі. Ұлттық киім киген жастардың неке қию салтанаты өтеді, көпшілікке сыйлы ақсақалдар «Наурыз бата» береді.
Сондай-ақ, дәл осы күні жаңа туған сәбилердің ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік сыйлықтар беріліп, арнайы құттықтаулар жолданады.
Ұлттық киім – Қазақстан мәдениеті мен тарихының елеулі бөлігі – бүгінде салт-дәстүрлер мен құндылықтарды еске түсіреді. Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері бұрын тұмар қызметін атқарған. Олар қорғап, сәттілікке уәде берді, ғасырлар қойнауынан келе жатқан мағыналар мен белгілерді жасырады. «Ұлттық киім кию арқылы біз өзіміздің ерекшелігіміз бен бірегейлігімізді білдіріп қана қоймаймыз. Ұлттық киім қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі болып табылады және ұлттың кодын қамтиды».
19 наурыз – Жаңару
19 Наурыз – жаңа өмірге қадам басып, жаңа мақсаттарға ұмтылатын Жаңару күні. 19 наурыз – ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда.
Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Жаңару күні өңірімізде ағаш отырғызып, тазалау жұмыстарын жүргізіп өз үлестерін қосты.
20 наурыз – Ұлттық спорт
Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Бұл күні мекеме қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар мен турнирлер өткізілді.
21наурыз – Ынтымақ
«Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – «Ынтамақ күні» болып жарияланды.Қазақ халқы ежелден береке-бірлікті бекемдеп, татулық пен ынтымақты қадір тұтқан халық. Осының арқасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ізгілік күні бүгінге дейін өз маңыздылығын жойған емес.
22наурыз – Жыл басы
22 наурыз – халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына қайта оралудың символы әрі жаңа тарихи кезеңді бастауға дайындық.
Барлық қалалардың басты алаңдарында этноауылдар ашылып, ұлттық мәдениеттің байлығын паш етеді. Бұл күні біз ата-баба әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тамашалап, өткеннің рухын сезінеміз.
«Жыл басы» күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтетін ерекше сәт.
23наурыз – Тазару
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі.
Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.
Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.
Тазару күнінде мекеме ұжымы мекеме аумақтары мен көшелерді, жол жиегіндегі арықтарды күл-қоқыстан арылтып, тазалық жұмыстарының қарқын алуына өз үлестерін қосты.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
«Қызылорда аудандық пайдалану бөлімі»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<