Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

825

0

Жыл сайын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен,  «Даналық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен волонтерліктің 7 бағыты бойынша шағын гранттар байқауы өткізіледі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталған әлеуметтік жобалар қаржылай қолдау табады.

«Ой бренд» қоғамдық қоры волонтерліктің 7 бағытының бірі «Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық жобасы бойынша 3 шағын грант жеңімпазы атанды. Жыл көлемінде «Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық жобасы аясында «Бабадан қалған дана із», «Mura», «Saqta» жобалары іске асырылатын болады. «Birgemiz: Asyl mura» жобасы тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған жеке дара бастамалар мен волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған.

Жоба аясында волонтерлардың қатысуымен Марал Ишан, Оқшы ата кесенелеріне тазалық жұмыстары, Ескі Сығанақ қалашығы, Қорасан ата кесенелеріне экскурсия жүргізіледі. Сондай-ақ, «Shezhire» атты этноауыл стиліндегі қонақжайлық пен «Qamshyla» атты ұлттық кино көрсетілім және т.б. ұлттық танымдық шаралар жалғасын табады.

Қазақстанда қайырымдылықпен айналысушылар саны жыл санап өсіп келеді. 2020 жылдан бері еріктілер ұйымдарының саны үш есеге көбейсе, былтырдың өзінде олардың саны 685-ке жеткен. Осы саланы дамытып, өркендеткісі келетін белсенді азаматтардың қатары да жиілеуде. Бүгінде елімізде 160 мыңға жуық адам тұрақты түрде қайырымдылықпен айналысады, бұл ресми статистика ғана.

Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<