Ұлт тарихындағы зұлмат жылдар жаңғырығы

259

0

Фото автордан

Облыстық кітапханада 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең  қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлт тарихындағы зұлмат жылдар жаңғырығы атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Кешке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің т.ғ.к. доцент С.Тайман, Халықаралық Жазушылар және ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері  Ж.Байзақұлы, Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Р.Абуова, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі Қ.Ақпанов,  кітапхана оқырмандары және архив қызметкерлері қатысты.

Кеш қонақтары ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргіннің кесірінен мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттеріне тоқталып, Сыр өңіріндегі боздақтарды ақтау жөнінде мағлұмат беріп өтті.

Шара соңында «Тарихымыздың қасіретті кезеңі» атты кітап көрмесі және архив қорынан дайындалған құжаттар таныстырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<