Жүйелі жұмыс жасалуда

390

0

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті облыстың экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі «Жол картасының» аясында жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны ластаушы заттарды азайту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіп келеді.

Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары «Таза ауа» іс-шарасын жүзеге асыруда тоқсан сайын полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстар ұйымдастырып, газ және дизель отынымен жүретін автокөліктерден шығатын шығарындыларға өлшеу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – қала төңірегіндегі автокөліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін анықтау.

Сынақ барысында бензин, газ және дизель отынымен жұмыс істейтін 59 автокөлікке өлшеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 3 автокөліктен белгіленген нормативтен асу деректері анықталды.

Нәтижесінде жол полиция қызметкерлерімен автокөлік иелеріне тиісті шаралар көрілді.

Қызылорда облысы бойынша

экология департаментінің

баспасөз қызметі

<strong>Жүйелі жұмыс жасалуда</strong>
<strong>Жүйелі жұмыс жасалуда</strong>

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<