Сәтті питчинг ережесі

1144

0

Сәтті питчинг ережесі Питчинг – қандай да бір жобаның ауызша немесе визуал презентациясы. Жоба жетекшісі өз жобасына инвестор тарту үшін жасалатын презентацияның қысқа форматы. 
 Internews Kazakhstan-ның PR жөніндегі кеңесшісі Ольга Каплина питчингте сәтті шығудың құпиясымен бөліседі.
– Презентациясының ең басында жобаңыздың идеясын нақты көрсетіңіз. Идеялар презентациясына бар-жоғы 5 минут уақыт беріледі. Сол уақытты тиімді пайдалануды ойланыңыз.
– Бизнес-тренерлердің өз идеясын таныстыратын адамға айтатын ең маңызды кеңесі: осы идеяңыздың сіз үшін неліктен маңызды екенін сондай бір жанып тұрған көздеріңізбен, құштарлықпен түсіндіре алмасаңыз, онда жақсы бизнес-өнім шықпайды. Медиаидеядағы жағдай да сондай. Бұл идея сізді неліктен толғандыратынын түсіндіре алмасаңыз, онда еш маңызы болмайды.
 – Спикердің ең көп қателесетіні: «Менің жобам бәріне қызық» деп айтуында. Бұлай айтуға болмайды. Өз аудиторияңызды нақтылаңыз. Олар кімдер? Қайда тұрады? Немен айналысады? Осы сұрақтардың жауабын біліңіз.
– Команданы жасақтауға баса назар аударыңыз. Көптеген жобаны жалғыз өзіңіз атқара алмайсыз. Кімдермен және қай бағытта қызмет ететініңізді айтыңыз. Командаңызда белгілі кәсіби мамандар болса, оны да ерекшелеп өтіңіз.
– Питчинг – шығармашылық мәнге ие. Айтуға міндетті тұстары болғанымен де жобаңыздың адамдарға неліктен қажет екенін көрсете білу маңызды. Хикаяңызды содан бастап айтыңыз.

Массагет.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<