Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің басшылығымен бірлесе отырып, студенттермен дәстүрлі кездесу өткізді.
Аталған іс-шара, жастарды қолданыстағы заңнама нормаларымен таныстырып, құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өтті.
Кездесу барысында студенттер есірткі қылмысының жай-күйі, осы бағыттағы жұмыстың ерекшеліктері, есірткі құқық бұзушылықтың қандай да бір түрі үшін жауапкершілікте көзделген мәселелер туралы түрлі сұрақтармен белсенді түрде сұрақтар қойды.
Басқарма қызметкерлері өздерінің кәсіби білімі мен практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай кездесулердің басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады, ал алынған білім қолданыстағы заңдарды жақсы түсінуге, заңға бағынуды және өз елінің патриоты болуға мүмкіндік береді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<