Студент жастармен кездесу

661

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қоғамдық ортада буллингке тап болғандарға көмек көрсету керек екендігіне ерекше назар аударған болатын.

Білім алушыларға буллинг және кибербуллинг туралы мәліметтер беру, олардың белгілері, адам өмірінде орын алатын салдары мен көрсетілетін көмектер туралы түсіндіру мақсатында «Болашақ» университетінде «Қауіпсіз интернет, буллинг және кибербуллинг» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті.

Шараға «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының психологі Жұмакүл Баянова, «AMANАT» партиясы облыстық филиалының жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза, «Vertex» ІТ мектебінің директоры Әлкеей Ақылбекұлы, университет және колледж студенттері қатысты.

Жиын аясында Жұмакүл Тасболатқызы булинг, лудоманияның адамға әсер ету жолдары бойынша ақпарат алмасса, «Vertex» ІТ мектебінің директоры Әлкеей Ақылбекұлы кибербуллинг ұғымы, оның шығу тарихы, кибершабуылдан қорғану механизмдері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керектігі, қысым көрген балалардың айрықша белгілері және неліктен адамдар бұндай әрекетке баратыны жайында қоғамдық тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, талданды.

Сонымен қатар «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасыӘсетхан Баймұрза Жолдаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымның жобаларымен таныстырып өтті.

Студент жастармен кездесу

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<