Қарулы күштердің 30 жылдығы қарсаңында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде «Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер» тақырыбындағы ерлік сабағы өтті.
Болашақ Отан қорғаушылармен кездесуге«Қарулы күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Мыңділда Ршауов, «Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Алмат Жақыпов қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатжастарды туған елінің патриоты болуға тәрбиелеу, олардың Қарулы күштерге деген мақтаныш сезімін ояту болып отыр.
Колледж студенттеріне Қарулы күштердің 30 жылдық тарихы мен әскеріміздің қазіргі кездегі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
– Студенттердің арасында болашағын әскермен байланыстырғысы келетін жастардың барын байқадық. Оларды Отан қорғаушылардың күнделікті өмірі мен қару-жарақтар туралы сұрақтар қызықтырады. Жас ұрпаққа жігер беріп, рухтандыратын осындай шаралар алдағы уақытта да өтіп тұратынына сенімдімін, – дейдіҚарулы күштердің ардагері Мыңділда Ршауов.
Колледж бастығы Жақсыгүл Қоқанқызы ардагерлер мен әскери қызметшілерге мазмұнды әңгімелеріүшін ризашылық білдіріп, алғысын жеткізді.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
лейтенант
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<