Шиелі ауданы: Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев аудандағы Сырдария өзенінің су мәселесімен танысты.
Қазіргі таңда Сырдария өзеніне 100 текше метр су түсіп жатса, алдағы уақытта 450 текше метрге дейін көтеріледі. Сонымен бірге ауданға сыйымдылығы 600 млн текше метрлік «Күміскеткен» су қоймасын салу жобасы тағы бір мәрте пысықталды. Бұл жоба іске асқан кезде су тасқынының алдын алуға және су тапшылығын болдырмауға үлкен мүмкіндік беретін болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<