Сүт өнімдеріне сұраныс жоғары

1007

0

Ауылдың ағарғаны біз үшін арман болған заман. Дүкенде сатылатын пастерленген сүтті үйдегі балаларға жылытып беріп, әйтеуір сүт ішкеніне мәз боламыз. Құрамында ұнтақ түріндегі қоспаның барына да бас ауыртпайтын болдық. Қазір нарықта бұл өнімнің түрі көп болғанымен, қойытылған сүт, қорапқа құйылып, жыл бойы сақтала беретін, майлылығы жоғары сүт дегенді біздің еліміз өндіруді меңгере аламыз. Дей тұрғанмен, өңірде тауарлы сүт фермаларының саны артып келе жатқаны дәтке қуат. Соның бірі – «Тұрмағамбет» ЖШС.

Тұрмағамбет ауылынан ашылған сүт өңдейтін шағын зауыт қарқынды жұмыс істеп келеді. Бұрын ауыл халқы сүтін арқалап автобуспен қалаға тасыса, енді ол күндер артта қалды. Зауытта күнделікті сауған сүтін өткізіп, қолма-қол ақысын алып отыр.

Елді мекенде қазір сүт бағытында мал асырауға бекінгендердің де қарасы қалың.

-Ауыл халкы- сутті бұрын қалаға, аудан орталығына апарып сататын. Казіргі таңда осы ашылған сүт зауытына өткізеді. Шағын зауыт ашылғалы ауыл халқынада кәсіп болды. Болашақта мал басын арттырып, сүтті молайту жоспарда бар. Сүт өнімдерін аудан көлемінде жеткізіп береміз. Қазір жұртшылық дән риза, – дейді «Тұрмағамбет» ЖШС-нің директоры Нұржан Пірмантаев.

Егіс алқабынан бөлек «Тұрмағамбет» ЖШС макарон өнімдерін өндіру және сүт өңдеу бағытында жұмыс жасайды.

Сүтті үлкен ыдысқа құйып, оның майлылығы анықталған соң процесс әрі қарай жалғасады. Майлы сүттен каймак, кілегей, майы алынбаған айран жасаймыз. Сепаратор арқылы қаймағын бөлек аламыз. Содан кейін айран жасалады. Мұның бәрі арнайы аппарат арқылы жүзеге асады. Табиғи өнім болғандықтан ұзақ сақтауға келмейді.Жарамдылығы небәрі 10-12 күн.

Мұнда айран, қаймақ, сүзбе, құрт, сарысу өңделеді. Тәулігіне 500 литр сүттен 1 тоннаға жақын өнім шығара алады. Мұндағы 21 млн теңге тұратын құрылғы Ресейдің Екатеринбург қаласынан әкелінген.

Цехтың өнімдеріне халықтың көңілі толады. Бағасы да қалтаға қонымды әрі табиғи таза. Қолда бар шикізаттан дайын өнім шығарып, халықты қамтып отырған шаруашылыққа тұрғындар алғысын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<