Суицид тақырыбындағы семинар – кеңес

754

0

Суицид тақырыбындағы семинар – кеңес Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында жаңадан қабылданған жас қызметкерлер арасында «Ішкі істер органы қызметкерлері арасындағы суицид жағдайының алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар кеңес өтті.
Семинарға арнайы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының психолог маманы Мира Айтжанқызы, Облыстық жүйке аурулар диспансерінің маман психиатры Марта Төремұратқызы, ӨСжАҚА ММ-нің кадр жұмысы бөлімінің бас маман психологы Қуаныш Әділбекұлы, «Болашақ» университетінің педагогика психология ғылымдарының магистрі, педагогика-психология кафедрасының оқытушысы Ұлбосын Төребекқызы, Ұлттық Ұлан №5547 әскери қызметінің инспектор-психологы Жанұзақ Ертуғанұлы шақырылды. Семинарды ҚАЖД бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Әбдіқайыров ашып, қазіргі таңдағы қоғамда өзекті мәселе болып отырған суицид мәселесін айтып, ішкі істер органдарындағы жас қызметкерлер арасындағы семинар – тренингтер өткізілу қажет екендігін атап өтті.
Семинардың алғашқы бастамасын ҚАЖ департаменті кадр жұмысы тобының жеке құрам бойынша аға-инспектор психологы әділет капитаны Ә.Беркінбеков өз баяндамасында қазіргі таңда суицид бойынша Қазақстан үшінші орында тұрғанын, суицидтің айықпас дерт екенін, бұл дерт қазіргі күннің өзекті жан ауыртар мәселесіне айналып отырғанын, суицид әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі бір себебі бар және толық зеттеуді сонымен қатар себебін түсіндіруді қажет ететіндігі туралы түсіндіріп. ішкі істер органдарында қызмет атқаратын қызметкерлердің де арасында суицид жағдайын болдырмау және оның алдын-алу да қазіргі уақытта ең өзекті мәселе болып отырғандығын, суицидтің алдын-алу ішкі істер органы басшылары, кадр және тәрбие аппаратымен, психологтар үшін өте қиын және жауапкершілігі көп жағдай болып табылатынын, бұл үшін тек психолог маман емес, әрбір басшы өз ұжымын жақсы танып, қызмет барысында бақылау жасап отыру да қажеттігін айтып өтті.
Келесі сөз кезегі облыстық жүйке аурулар диспансерінің маман психологы Гулмира Куанышбекқызы суицидтің бірден-бір белгілері болып «депрессиялық» күй болып табылатындығын айтып, депрессияның алдын алу шаралары болып тұлғаның өзіне көңіл бөлуі, өз-өзіне деген құрметпен қараған жағдайда депрессияның алдын алуға болатынын айтты. Егер де, тұлға әрбір күнге шүкіршілік етіп, ризашылығын білдіретін болса, онда қандай да бір депрессиялық күйге түспейтіндігін, себебі эндорфин, яғни бақыт гармондары қалыпты жұмыс атқару нәтижесінде тұлғада қандай да бір күйзеліс фактілеріне душар болмайтындығын айтып, семинар-кеңеске қатысушыларға өздерін жақсы көруге, жақсы нәрселерді ойлауға бейімделу керектігін түсіндіріп, оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмегі туралы әдістерді туралы толық мағлұмат берді.
Шара барысында қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, психолог мамандар жауап беріп отырды.
Алдағы уақытта университетпен бірлескен семинарлар, оқулар, тренингтерге басқа да құқық қорғау органдары психологтарын шақыртып іс-шаралар ұйымдастыру өз жалғасын табатын болады деп семинар кеңесті қорытындылады.
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖ департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<