Сұйық травертин өнімдер өндірісін қолға алған кәсіпкер

662

0

Қызылордалық азамат Жасұлан Абилов 2019 жылдан бастап сұйық травертин өнімдер өндірісін қолға алып, қала және аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруда.

Кәсіпкер «- 2021 жылы «Микробизнес Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 2 пайыздық несиелендіру бойынша 10,0 млн.теңге қаражатқа ие болдық. Бұл қаражатқа цехты кеңейтуді жоспарлаудамыз. Өніммен жұмыс істеуде белгілі бір дағдылар қажет. Сондықтан мамандарды Алматы қаласы мен Қырғызстан еліне тәжірибе жинақтауға жібереміз,» – деп, жұмыс барысымен таныстырды.

Цехта тапсырыс берушінің сұранысына сәйкес сұйық травертин көмегімен текстураның әр түрлі түрлері дайындалады. Сәндік ерекшеліктерінің арқасында интерьерге түрлі көрініс беруге болады.

Бүгінде кәсіпкерлік нысанда 6 адам жұмыспен қамтылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<