Су ресурстары және ирригация министрі Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді

201

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Дүниежүзілік Банктің Еуропа мен Орталық Азиядағы директоры Нагиб Самех жұмыс сапарымен ауданға келді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданда жүзеге асырылып жатқан ирригациялық жобалармен таныстырды.

Сапар аясында делегация «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» (ПУИД-2) жобасы аясында атқарылған жұмыстарды бақылап көрді.

Аталған жоба Аққұм, Мәдениет, Бұқарбай батыр және Таң ауылдық округтерінде жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – суландыру және коллекторлық-дренаждық жүйелерді қалпына келтіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру.

Биыл аудан бойынша 37 185 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылуда. Оның ішінде күріш егістігінің көлемі 19 800 гектарды құрайды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде су ресурстарын тиімді пайдалану, ирригациялық желілердің техникалық жағдайын жақсарту және егіншілік саласының өнімділігін арттыру көзделуде.

Су ресурстары және ирригация министрі жобаның маңыздылығын атап өтіп, оның өңірдің аграрлық әлеуетіне оң әсер ететінін жеткізді.

Делегация жобаның іске асырылу барысын жоғары бағалап, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Су ресурстары және ирригация министрі Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді
Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі