Су шаруашылығын жақсарту мәселесі қаралды

383

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен Сырдария өзенінің су шаруашылығы жағдайы, егісті әртараптандыру, ротация сақтау, су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдалану және егіншілік саласын субсидиялаудағы биылғы өзгерістерді түсіндіру туралы мәжіліс өтті.

Жиынды жүргізіп отырған аудан басшысы ең әуелі ауданымызға арнайы іс-сапармен келген Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевты, «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қазтоғановты, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаевтв, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының Су шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі Жорабек Ерназаровты және Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаевты таныстырып өтті.

Бұдан бөлек басқосуға ауданнан салалық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.

Биыл ауданда 17 377 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру, оның ішінде 6200 гектар күріш егу жоспарлануда. Қазір шаруалар тұқым дайындау, минералды тыңайтқыштар мен жанар-жағармай қорын қалыптастыру, техникаларды әзірлеу жұмыстарына қызу кірісуде.

Мәжілістегі алғы сөзді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Тұрсынұлы сөйледі. Мұнан соң арнайы келген қонақтар күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты хабарлама жасады.

Жиында талқыланған түйткілдер туралы тұшымды ой-пікірлер айтылып, ұсыныстар ортаға салынды.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<