Су тасқыны кезеңіне дайындық пысықталды

667

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен су тасқыны кезеңіне дайындық туралы мәжіліс өтті.

Мұздың жағдайы мен қорғаныс бөгеттерінің жағдайын күнделікті бақылауда ұстау қажеттігін айтқан аудан басшысы бірқатар тапсырмалар берді.

Кент, қала, ауылдық округ әкімдеріне Сырдария өзенін өз аумақтары бойынша бақылауды күшейтіп, қажеттілігіне қарай тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, тиісті сала басшыларын төтенше жағдайды болдырмау бағытында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<