Су тасқыны мен қар көшкіні жүруі мүмкін

958

0

Фото: ашық дереккөз

Ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, 25-27 ақпан аралығында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады.

Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар жылдам еріп, мұз әлсірейді және өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін.

– Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен қалыңдығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 24-25 ақпанда қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар, – делінген ведомство хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<