Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

402

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабына арнайы барып, су тасқынының алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстарды талқылады.

Сонымен қатар, бүгінгі күні дарияға қаншалықты су келіп тұрғанынан, деңгейінен және мұз қалыңдығынан хабар алды.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда Қазалы су торабына жоғарыдан 223.5 м3/с су келуде. Одан бөлек, мұздың қалыңдығы 30-33 см шамасында болып тұр. Мұхтар Әуесұлы мұнан соң өткен жылы қазылып, тазаланған Өтебас каналына ат басын бұрды. Бүгінгі күні қазылған 11,6 шақырым канал бойына су келіп тұр.

Аудан басшысы канал мал жайылымын суландырумен қатар Сырдария өзеніне келген мол суды қабылдай алатынын айтып, жауаптыларға барлығын бақылауда ұстап отыруды жүктеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<