Қызылорда қаласының су айдындарында, әсіресе Сырдария өзенінің бойында азаматтардың әртүрлі себептермен суға батып кетуінің саны көбеюде.
Жыл басынан бері қала аумағындағы су айдындарында 6 адам қаза болды. Оқыс оқиғалардың барлығы суға түсуге рұқсат етілмеген аумақтарда тіркелген.
Қала әкімдігі, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп еріктілер мен қоғамдық және басқада ұйымдарды жұмылдыра отырып күнделікті Сырдария өзенінің қауіпті саналатын аймақтары мен басқада су айдындарында суға шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейд жұмыстары жүргізілуде.
Рейд жұмыстары барысында Сырдария өзенінің бойындағы қауіпті су айдындарында жүрген азаматтарға 500-ден астам үн парақтар таратылып, жергілікті радио арқылы және адамдар көп шоғырланатын орындарда арнайы жабдықталған «УАЗ» автокөлігінің дауыс күшейткіш құрылғысы арқылы 74 хабарландыру жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда қаласының әкімдігі және қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыс оқиғаларды болдырмау және алдын алу мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шаралары мен ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Сонымен бірге қала аумағында және қалаға қарасты кент пен ауылдық округтерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан саяжайлар маңындағы өзен-көлдер мен каналдардағы рұқсат етілмеген аумақтарға шомылмауды сұрайды. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді бақылаусыз қалдырмауды, балық аулау кезінде, масаң күйде суға шомылу қауіпті екендігін назарларыңызға салады.
Су – тілсіз жау! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын қатаң сақтайық!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<