Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараевтың айтуынша, жыл басынан су айдындарында 40 оқиға тікелді. Онда 45 адам (оның 23 бала) қайтыс болды. (2020 жылы – 33 адам оның 10 бала).Бұл сандарды тарқататын болсақ, 3 адам балық аулау кезінде,15 адам (оның 9 бала) белгісіз жағдайлар кезінде (қалқып жүрген денесі табылған),10 адам (оның 3 бала) – бақытсыз оқиға (арыққа құлау, қайықтан құлау, атпен каналды кешіп өту кезінде),17 адам (оның 11 бала) – суға түсуге арналмаған орында суға шомылу кезінде батып кеткен. Оның ішінде 16 адам (4 бала) құтқарылды.
Ұжымдар мен оқу орындары жастарының жаз айларында табиғатқа шығып демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы соңғы жылдары көптеп орын алуда және осындай кейбір демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады.
Шомылу маусымы кезеңінде судағы төтенше жағдайларға ден қою үшін департаменттің жедел-құтқару жасағының күштері (54 сүңгуір маман) мен құралдары (18 бірлік техника, ілмелі моторлар – 16 дана, 29 жүзу құралдары: катерлер – 5 бірлік, темір қайық – 6 бірлік, пластикалық қайық – 2 бірлік, үрлемелі қайық – 16 бірлік) әзірлікке келтірілді. Жедел-құтқару техникалары, жүзу құралдары, сүңгу құрал-жабдықтары, сондай-ақ жеке құрамның жабдықтары, құтқару құралдарын (құтқару шеңберлері және кеудешелер, «Александров жібі») дайындыққа келтірілді.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандарын тарта отырып (қалалық полиция басқармасы, БАҚ-өкілдері), күнделікті бекітілген кестелерге сәйкес күнделікті 14:00-22:00-ге дейін рейдтік іс – шаралар жүргізілді.
Қазіргі таңда ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 232 адамға ескерту шарасы көріліп және жоғарыда аталған кодекстің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 195 азаматқа (2млн 114 мың 825 теңге) әкімшілік шара көрілді.
Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық 1475 рейд (29 сәуір – 04 қыркүйек аралығында) жүргізді. Аталған іс-шараларда барлығы 127581 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша 17580 қызметкер профилактикалық рейдке жұмылдырылып, 127581 тұрғынға (оның ішінде 47250 жасөспірім) түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай – ақ балалардың қауіпсіздігі үшін мектептердің онлайн сабақтарында және Уатсап (WhatsApp) мессенджеріндегі чаттарда ата-аналар мен балаларға судағы қауіпсіздік ережелері және судан абай болу керектігі жөнінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын каналдар және 207 көл облыс аумағында орналасқан және 64 қауіпті учаске анықталған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<