Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жер болып Қазалы ауданындағы «Қашқан су» демалыс аймағы белгіленген.
Соған сәйкес бүгін аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев бастаған жұмысшы топ мүшелері аталған демалыс орнына ат басын бұрды.
Демалыс аймағының жетекшісі, жеке кәсіпкер Б.Ерхатовқа түсіндірме жұмыстары жүргізген аудан әкімінің орынбасары суға шомылу маусымына дайындық шаралары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібіне де тоқталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<