Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде

355

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.

Бүгін осыған орай «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ ғимаратында талдау жүргізу бойынша құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Талдаудың мақсаты  ̶  сыбайлас жемқорлық көріністері мен құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізу болып табылатынын атап өтті.

Жиында Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және оған қарасты мекемелеріндегі инженерлік инфрақұрылым (газ, электр жарығы, жылу, су) жүргізу барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізудегі жұмыс тобының міндеттерін түсіндірді. Сыртқы талдау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.  Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жағдайда заң шеңберінде шара қолдану үшін ұсыныстар енгізілетін болады. Талдау жұмыстары 3-мамырға дейін жалғасады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<