Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Жыл басынан бері 178 пара беруші сотталған

666

0

Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 754 шарасын жүргізіп, 671 істі сотқа жолдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифингіде айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылдың өткен кезеңінде 754 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оның 671-і сотқа жіберілді. Аталған қылмыстық істер бойынша 85 лауазымды тұлға ұсталды, 79 адамға «күзетпен ұстау» және 20 адамға «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шаралары қолданылды», – дейді агенттік өкілі.

Оның айтуынша 5 айдың ішінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істер бойынша 391 адам сотты болған.

«95 адам пара алғаны үшін, 178 адам пара бергені үшін, 52 адам алаяқтық үшін, 22 адам ұрлық үшін, 25 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 8 адам билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін және тағы басқа заңсыз әрекеттері үшін сотталды», – дейді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.

Сотты болғандардың 104-і бас бостндығынан айырылса, 38 адамның еркіндігі шектелген. 241 адамға еселенген айыппұл салынған. Өндірілуі тиіс айыппұлдардың жалпы сомасы 1,3 млрд теңге болған.

«456 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылды. 374 адам белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды. 78 адам арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, санаттық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 4 адамның мүлкі тәркіленді», – деді Данияр Бекайдаров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<