Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі

126

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы орайда мемлекеттік кірістер органдарымен көптеген іс-шаралар атқарылып келеді.

Қолданыстағы заңдылықтарға енген соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын-алу, сондай-ақ, салық төлеушілерге көрсетілетін қызметтер туралы кірістер органдарында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы аймақаралық, облыстық және қалалық басылым беттерінде тұрақты түрде насихаттау жұмыстары жолға қойылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Әдеп кодексінің талаптары жайлы құқықтық-техникалық оқуларөткізіліп, әлеуметтік желілерді пайдалану барысында,мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға жәнемемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған талаптары туралы түсіндірмелер жүргізілді.

Мәселен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен, «Мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесін арттыру, заңдылықтардың мүлтіксіз сақталуы мен заң талаптарын түсіндіру» бағытында профилактикалық құқықтық оқу өткізілді. Шақырылған өкілдер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы» тақырыбында баяндама жасап, республика, облыс көлеміндегі, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарындағы орын алған заң бұзушылықтар жайлы деректер келтірді. Сонымен қатар,  Іс-шара барысында қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу фактілері бойынша нақты бейне-роликтер көрсетілді.

Жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарының тағы бірі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, келушілермен тікелей кездесуді азайтып, салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруға көшіру болып табылады.

Бүгінгі күні, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне салықтық қызметтердің ішінде 100% электронды түрде алуға мүмкіндік жасалған.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары тарапынан салық төлеушілерге «тәуекелдер дәрежесіне қарай»  талдау арқылы бақылау жүргізіледі және соның нәтижесімен жоғарғы орталық аппараттың келісімімен жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде. Осы аталған жүйенің көмегімен салықтық тексерулерді жүргізуге іріктеу, салық міндеттемесін өз дәрежесінде орындамай жүрген салық төлеушілерге баса назар аударыла отырып жүргізіледі. Осылайша, бұл іс-шарамен , мемлекеттің де, салық төлеушінің де мүддесі қамтамасыз етіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. 

Сонымен қатар, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкерінің жұмысқа кірісер алдында жұмыс компьютерінде,  автоматты түрде көрініс табатын «Жемқорлыққа жол жоқ! Сыбайлас жемқорлық зардабы отбасыңыздың жағдайына кері әсер ететінін естен шығармаңыз! Өз өміріңізге қастандық жасамаңыз!» – деген ескертпе-жадынама орналастырылған. Осы ескертпе-жадынамамен әрбір қызметкер күнделікті жұмысқа кірісу барысында міндетті түрде танысып отырады. Бұл шара да, өз кезегінде қызметкерлердің теріс іс-әрекетке бармауына өзінің оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК-нің мемлекеттік органдар интернет-ресурсында арнаулы /kgd.gov.kz/ web-сайтында орналасқан, «Аумақтар бойынша департаменттер» тарауында, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті деген бөлімінің ішінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жайлы» («О противодействии коррупции») тарауында облыстыңмемлекеттік кірістер органдары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпараттар қазақ және орыс тілінде орналастырылып келеді.

Қорыта келгенде, облыстық мемлекеттік кірістер органдарымен бүгінгі күні жағымсыз жемқорлық әрекеттерін болдырмаумақсатында нақты істер мен насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді және мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, көпшілік сенімінің толықтай ақталуын қамтамасыз ету үшін атқарар жұмыстар пәрменді түрде жалғасын таба бермек.

Б.Пазылова,

Орын. Талдау және 

есепке  алу бөлімінің

бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<