ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдерімен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті атынан тергеп-тексерулер бөлімінің басшысы Е.Карибаевтың қатысуымен, сондай-ақ, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.
Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша департаментінің тергеп-тексерулер бөлімінің басшысы Е.Карибаев өз ұсыныстарын жолдады.
Атап айтқанда, Департаментпен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ қызметіне мониторинг жасалынды.
Қоғамның жарғысына сәйкес төмендегідей қызмет түрлерімен айналысатыны анықталды:
-электр энергиясын беру және бөлу;
сенімді, іркіліссіз жұмысын ұйымдастыру, энергетикалық жабдық, қондырғылар, құрылыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
-энергетикалық тораптар мен энергетикалық жабдығын дамыту, қайта жаңарту және жетілдіру.
Алайда, Қоғам өз жарғысындакөзделмеген ғимараттарды жалға беру қызмет түрімен бүгінгі күнге дейін заңға қайшы айналысып келетіні анықталған.
Осы ретте, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тарапынан, ҚР Кәсіпкерлік Кодекстің 194-бабының 1-тармағында көзделген әрекетсіздік таныту белгілері байқалады және де Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері бойынша жауапкершілігі қаралуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<