И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне» орай «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу ол — мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
1.“Сыбайлас-жемқорлық” ұғымын кеңінен түсіндіру, пайда болуы мен қоғам дамуына тигізетін кері әсері, онымен күрес;
2.Қоғамның басты қозғаушы күші — жастар мен жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениет қалыптастыру.
Шараға:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Мадалиева Ақзада Алайдаровна;
Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айбергенова Айсана Ерболатқызы;
«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери патриоттық Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Төлебай Әкімжан Еркінұлы;
И. Әбдікаров атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Дурманов Бағдаулет Дербесәліұлы және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Мадалиева Ақзада Алайдаровна өз сөзінде сыбайластыққа байланысты жаңадан шыққан заңдар мен бұйрықтар жайлы айта келіп, сөз соңында колледж ұжымына ілкімді істері үшін алғыс білдірді.
Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айсана Ерболатқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыста атқарылып жатқан қомақты жұмыстар мен іс-шараларға кеңінен тоқталды.
Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери патриоттық Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әкімжан Еркінұлы бейнеролик көрсетіп, жастарды адалдыққа ұлтжандылыққа, өз отанын сүюге шақырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<