«Сыбайлас жемқорлықсыз жол – тура жол»

420

0

Фото: ашық дереккөз

Коррупция – ұғынымының ресми түсіндірмесі бар, ол Латын тілінен аударғанда – сындыру, бүлдіру, зақымдау және құлдыру деген мағынаны білдіреді. Демек «сыбайлас жемқорлық» сөзінің астарында тек лауазымды тұлғаның пара алуы немесе бюджет қаржысын қалтасына басуы емес, сонымен қатар әлеуметтік жүйе, яғни пара берушінің де атқаратын рөлі бар.

Отанымыздың дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі-сыбайлас жемқорлықты жеңу.Бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетін бұл проблема кездейсоқ емес. Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлық отанымыздың дамып өркендеп өсуіне апатты әсерін тигізеді, өйткені ауруханаларға, мектептерге және басқа да өмірлік маңызды мемлекеттік құрылымдарға арналған қаражат тиісті жерлерге жіберілудің орнына қылмыскерлердің немесе арам пиғылдылардың қолына түседі делінген БҰҰ бас хатшысының жолдауында.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.

Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

Президентіміз алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту шараларына орай «ҚР білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданған. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» делінген.

Айта кету қажет ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшесі, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша 2023 жылдың 11 айында, Бассейн бойынша 611 жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы Заңнаманы бұзушылық тіркеліп, оның ішінде заңсыз балық аулағаны үшін 585 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 57 іс сот органдарына жолданды.

Қылмыстық құрамы бар 24 іс  бойынша қылмыстық іс қозғалды, 10 іске сот үкімімен жазалар тағайындалып шығындар өндірілді, 8 іске қатысты құқық қорғау органдарымен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіуде. 6 іс құқық қорғау органдарымен жекелеген тұлғаларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулысы негізінде қысқарған. 2 егесіз балық аулау құралдары анықталып, акт толтырылып құзырлы органдарға анықтау үшін жолданды.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің барлық азаматтарының борышы деп білу керек. Әрине сыбайлас жемқорлық оңай жеңілетін жау емес, бұл ғасырлар бойы әбден шындалған дерт. Ол үшін  қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен бұқара көпшілік  болып күресуіміз қажет. Бұл ретте қолында билігі бар азаматтар өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Б.Досов,

«Арал-Сырдария облысаралық

бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы»

республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<