Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

1169

0

Бүгін ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы және облыстық ішкі саясат басқармасы ұжымының қатысуымен «Ішкі саясат басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау» қорытындысын талқылау бойынша онлайн кездесу өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды


Кездесу барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы–бірінші орында ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды, қызметтерін заң шеңберінде адал атқаруды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін атап өтті.


Сонымен қатар, сыртқы талдау қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде, мүдделер қақтығысы және қызметкерлерге сыйақы беру мен мемлекеттік сатып алу барысындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу бойынша ұсынылған ұсыныстарға сәйкес тиісті шешімдерді қабылдау қажет екендігін назарға ұсынды.


Өз кезегенді басқарма басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралардың тұрақты түрде жүргізіліп отыратындағын атап өтіп, алдағы уақытта ішкі саясат басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою мақсатында толыққанды жұмыс жасайтындығын хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<