Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қадамдары

451

0

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қызылорда облысының Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шараларды жоспарлы түрде атқарып келеді.

Олардың қатарында – әділет департаментінің қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша семинар-сабақтар өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бағыттары бойынша оқытулар ұйымдастыру, әділет департаментінің қызметін насихаттау шаралары, үкіметтік емес ұйымдар мен құқыққорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, «Ашық есік күндері», «Әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастыру, қоғамдық қабылдаулар жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында заңдылықтарды насихаттау және кеңінен түсіндіру жұмыстары бар.

Қызылорда облысының әділет департаментінің мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер және әңгімелесулер өткізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау Қағидасының талаптарын түсіндіру мәселелері бойынша кездесу өтті.

 «Нұр Отан» партиясының филиалдарының ғимараттарында әділет органдарының басшыларымен қоғамдық қабылдаулар жүргізіліп, қызметкерлермен заңгерлік кеңестер беріліп отыр.

Департамент пен аудандық, қалалық әділет басқармаларының басшыларымен жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде жүргізіліп келеді. 9 айда 177 азамат жеке қабылдауда болған.

Сондай-ақ, департамент басшылығымен мамандарды қатыстыра отырып «Құқық қорғау қызметтері орталығында» азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіліп отыр.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықтарын және мемлекеттік қызметшілердің этика кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша 8 жеке кеңестік көмектер көрсетілді.

Департамент және аудандық, қалалық әділет басқармаларындағы сенім телефондары жайлы хабарламалар департаменттің сайтында, газет беттерінде жария етіліп және халыққа көрінетіндей жерлерде ақпарат ілінген. Сенім телефоны жайлы ақпарат «Facebook» парақшасына да жарықтандырылған. 2018 жылдың басынан барлығы 91 тұлға хабарласқан.

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша «Құқық бұзушылыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті бізбен бірге қалыптастыр!» қағидасын қолдай отырып, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнама талаптарының бұзылу фактілері бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері бойынша сенім телефондарына хабарласа алатындығы жөнінде департаменттен шығатын 50-ден астам құжатқа хабарлама орналастырылып бекітілген. Бұл жөнінде түсірілген бейнеролик жергілікті телеарналарда жарықтандырылды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында департаментпен дайындалған видеороликтер қаланың LED экранында және  «Санжар ТВ» коммерциялық телеарнасында көрсетілді.

Жалпы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңының, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 35 семинар, 18 дөңгелек үстел, 8 жиналыс өткізілді, 21 дәріс оқылды, сондай-ақ, 27 мақала жарияланды. Қызметкерлермен 8 әңгімелесу жүргізілді. 21 «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды. 2018 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және әдеп нормаларын бұзу фактілері болмаған.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды шарттарының бірі – құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейін арттыру. Департамент және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерін толығымен құқықтық насихаттауға жұмылдыру және аталған жұмыстың пәрменділігін арттыру мақсатында   құқықтық және қызмет барысында туындаған қажеттіліктерге сәйкес  тақырыптар бойынша, сондай-ақ әділет органдарының негізгі функциялары туралы мақалалар жарияланып, телеарналар мен радио толқындарында түсіндірме – сұхбаттар, аудан, қала, ауыл тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып келеді. Әділет департаментінің құқықтық насихат жұмыстары аясында ағымдағы жылдың 9 айында әділет департаментімен 1249 ақпараттық іс-шаралар өткізілді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан еліне жолдаған Жолдауларынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиялық бағдарламалардан және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардан туындаған талаптарды басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстарды басты назарға алып, оны болдырмауға бағытталған шаралардың ұдайы ұйымдастырылып отыруын қамтамасыз ету  біз үшін басты шарт болып табылады.

Э.Әбдіхалықова

Қызылорда облысының

Әділет департаментінің

бөлім басшысы, ҚР заңгерлер одағының РҚБ-нің филиалының мүшесі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<