Сынақ зертханасы ашылды

407

0

Аймақта «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ  Қызылорда филиалының құрылыс ма­териалдарын сынақтан өткізуге арналған сынақ зертханасы өз жұмысын бастады. Оның ашылу салтанатына құрылыс саласының мамандары қатысып, зертхананың жұмысымен танысты. 

Құрылыс  өнімдерінің  сапасы мен  қауіпсіздігін ба­қы­­лау мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және кепілдендіруді мақсат еткен орталық құрылыс өнімі­нің 23 түрін сынақтан өткізуге дайын. Яғни, барлық құ­рал-жабдықпен қамтылған зертханада өнімнің аязға тө­зім­ділігін, су сіңіру, орташа тығыздық, фракциялық құра­мы, ылғалдылық, жылжымалылық, қаттылық, табиғи радио­нуклидтердің нақты тиімді белсенділігі секілді басқа да негізгі факторларын анықтайды.

– Бұл зертхана цементтің металл және металл емес то­тықтарын, әк және әк ұнына – металл және металл емес бел­сенді тотықтарын, кальций және магний карбонаттары, кальций оксидіне есептелінген еркін сілтілер, суда еритін және ерімейтін заттарды анықтау  бойынша сынақ жүргізеді. Ендігі жерде құрылыс өнімдерін шығаратын және құрылыс-монтаждау  жұмыстарын жүргізетін мекемелермен жұмыс жасауға дайынбыз. Мұнда барлық жағдай қарастырылған. Өнімнің сапа сәйкестігін анықтауға толық мүмкіндігіміз бар, – дейді сынақ зертханасының меңгерушісі Мария Ахметова.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы». 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<