Бүгін аймақтың ата басылымы «Сыр бойы» газетінің шыға бастағанына 92 жыл толып отыр. Осынау уақыт аралығында бұл басылымның қабырғасында кімдер еңбек етпеді десеңші?! Кешегі кеңестік кезеңнің өктем саясатынан ықпай, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалған басылым тарихи кезең – тәуелсіздік жылдарының да басты тақырыбына қал-қадірінше қозғау салып келеді.
Сырдың бойынан шыққан айтулы ақын-жазушылар, қарымды қаламгерлердің дені осы басылымның бетінде қалам тербеп, халыққа танылған еді. Олардың есімдері әлі күнге ел жадында.
Айта кетейік, бұрынғы баспа жұмысы мен бүгінгі жағдайдың айырмасы жер мен көктей. Бұрын қорғасынмен балқытылып құйылатын әріптер қазір саусақ ұшымен жеп-жеңіл теріледі. Десек те уақыт талабына сай оқырманның талғам деңгейі өзгерген, онымен санасуға мүдделіміз. Сонымен қатар, саяси идеологиялық бағыттан айнымау – басты ұстаным.
Бүгінде қарт басылымнан қанаттанып, қалам ұстап жүрген жастардың қатары артып келеді. Бұл әрине, көңілге қуаныш ұялатады.
Туған күнің құтты болсын, «Сыр бойы!»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<