Сыр елінде республикалық айтыс өтуде

1245

0

«Тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін — сөз ғана. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық» деген заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Сыр елінде халқымыздың айтыс өнерін жаңғыртуды мақсат еткен республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр.

«Сөздің кені, ойдың кемелі» атты айтыс ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, парламент мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, ақын Ақберен Елгезек, ақын-композитор Лена Әбдіхалықова, ақын, киносценарист Ұларбек Нұрғалымұлы айтыскер ақын Бауыржан Халилола бар. Бірінші бөлімінде үш жұп айтысты. Бір сағаттық үзілістен соң өскемендік Серік Қуанған мен шиелілік Ержан Әміров бастады. Одан соң Мейірбек Сұлтанхан мен Айбек Қалиев сахнаға шықты.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<