Сыр елінде ұлттық киім күні аталып өтті

409

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Наурызнаманың онкүндігіне орай, 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып белгіленген болатын.

Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған айтулы күні барша Сыр жұртшылығы қазақы нақыштағы ұлттық киімдерді киді.

Сондай-ақ, бүгін облыс көлемінде түрлі бағыттағы 20-ға жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «Анаға тағзым» орталығында «Этно Fashion» атты облыстық сән үлгісі фестивалі өтіп, оған жалпы саны 17-ге жуық ұлттық киім үлгісінің дизайнерлік көрсетілімі өтті.

Бұдан бөлек, Отбасы орталығында «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты ұлттық киімдер дефилесі өткізілді.

Сонымен қатар, қала және барлық аудандарда Ұлттық киім күніне орай тақырыптық челленджі ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<