Сыр елінің экспорттық әлеуеті артып келеді

477

0

         Жыл басынан бері облыстан 43,0 млн. долларды құрайтын 80,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері эспортталған. Олар күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, қамыс, қауын, қарбыз, көкөніс, қызанақ. Бұл  өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 170,6 пайызға артып отыр.

         Өнімдер әлемнің 21 мемлекетіне экспортталған.

− Облыста өндірілетін негізгі дақыл – күріш үлкен сұранысқа ие. Өз кезегінде, күріш өнімі Республика халқының қажеттілігін толық қамтамасыз етумен қатар алыс-жақын шет елдерге де экспортталуда. Барлық экспортталған өнімнің 87,7 пайызын құрайтын күріш өнімі. Сыр елі бүгінде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспорт жөнелтеді.  Ақ маржанын экспорттап, диқандардың көңілдері тоқ, Сырдың сапалы күрішіне қол жеткізіп, шетел кәсіпкерлері шексіз разы. Бұрынғыдай емес, қазір алыс-беріске жол ашылды, − дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

         «Бәрінің анасы – Жер. Жерді таңдай біл. Оны баптай біл. Егінші мәрт, жер жомарт деген сол» депті Ыбырай Жақаев. Қазақтың күрішін шетел таныса − шексіз қуаныш. Сырдың ақмаржанын шетелге танытып жүрген дала еңбеккерлерінің жемісі бұл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<