Балаларды қорғау күніне орай Алматы қалалық мәдениет басқармасы «Бала шабыты» атты халықаралық байқау ұйымдастырды.
Бірқатар өнер ұжымы қатысқан осы байқауда Қазанғап атындағы музыкалық колледжі жанынан құрылған балалар мектебінің «Сыр гүлдері» би тобы «Ғарышкерлер биін» биледі. Қойылымның жанрлық идеясын, жаңашылдығы мен бишілердің кәсіби деңгейін жоғары бағалаған қазылар алқасының шешімімен би тобы байқаудың гран-при жүлдесін иеленді.
Хореограф Жанар Тұңғышбайқызы жетекшілік ететін «Сыр гүлдері» тобының құрылғанына жеті жыл болған. Осы уақытқа дейін «Бозторғай» балалар байқауының 2-орын иегері, Испанияның Ллорет-де-Мар қаласында өткен байқаудың бас жүлдесін иеленіп үлгірген өнер ұжымы алда да талай биіктен көрінеді деп сенеміз.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<