Жерлестеріміз ел өнерпаздарының арасында қаралым бойынша топ жарды. Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жаз әуендері» атты облыстық концерттік ұйымдардың үздік концерттері жобасы аясында облыстық филармонияның онлайн-концерті өткізілді.
Министрліктің «YouTube» каналында өткен «Жаңа серпін – жыл концерті» атты концертке облыстық филармонияның өнер ұжымдары мен жеке орындаушылары қатысты. Онлайн-концерт мыңнан аса қаралым жинады. Ұлтымыздың ғасырлар бойғы өнерін бойына сіңірген аспаптарды құрамына қосқан «Тұрмағамбет» халық аспаптар оркестрі, камералық оркестр, «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі жеке өнерпаздарды сүйемелдеді. Бүгінде аталған концерт ел аузында.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<