«Сыр сандуғаштары» топ жарды

271

0

«Хрустальная магнолия – 24» халықаралық байқауына қатысқан «Сыр сандуғаштары» жеңіс тұғырынан көрінді.

Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен халықаралық балалар мен жасөспірімдер конкурсында бақ сынаған А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары» вокалды тобының өнерпаздары Айару Дидарқызы төменгі топта, Мадияр Серік жоғары топта І орынды жеңіп алса, ерекше өнерімен (ым тілінде) көрерменнің ықыласына бөленген Еркежан Сайлауова да І орынға ие болды. 

Жас талапкерлердің талантын танып, өнерін шыңдауға қосқан үлесі үшін жетекшілері Бағдагүл Есмұрзаева мен Мария Базар бас жүлдемен марапатталды. Осылайша  Түркия, Башқұртстан, Украина және Қазақстан мемлекеттерінің  өнерпаздары қатысқан өнер додасында қызылордалық өрендер үздік шығып, ел абыройын асқақтатты.

Жас өнерпаздарға және ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<