Сыр сақшылары «Үздік учаскелік инспектор» төсбелгісімен марапатталды

849

0

Бүгінде учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдары жүйесіндегі ең көпфункционалды қызмет болып табылады және халықпен жеке байланыста болады.

Учаскелік инспекторлар құқықтық тәртіпті, жол қауіпсіздігін, көші-қон саласындағы бақылауды, аумақтың абаттандырылуын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді, сотталған адамдардың, отбасылық тирандардың және басқа да маргиналды элементтердің өмір салтын бақылайды.

Функционалдық міндеттеріне байланысты учаскелік инспектор халықпен тығыз байланыста болады. Осылайша «жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыруда маңызды рөл атқарады, өйткені ауылдағы учаскелік инспектор полицияның, кейде мемлекеттік биліктің жалғыз өкілі болып табылады.

Жыл қорытындысын шығара отырып, ІІМ кәсіби қасиеттерін, дене даярлығын, сондай-ақ халықтың пікірін тексеру жөніндегі комиссиямен таңдалған үздік учаскелік полиция инспекторларының слетін өткізді.

Қызылорда облысынан Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Жарас Маратов пен Қызылорда қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бағдат Шахмет, Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция майоры Виталий Соболев қатысты.

Барлық қатысушылар грамоталармен және «Үздік учаскелік инспекторы» төсбелгісімен марапатталды.

Үздік қызметкерлерді марапаттай отырып, министр Ерлан Тұрғымбаев «учаскелік инспектор – нақты аумақтағы қылмыстың алдын алудың негізгі тұлғасы. Мемлекет басшысы учаскелік полиция инспекторларының ішкі істер органдары реформасын және «жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асырудағы маңызды рөлін дәл осылай атап өткен еді. Бүгінгі іс-шара учаскелік полиция инспекторларының кәсіби біліктілігін және олардың жұмысын жоғары деңгейге көтереді деп есептеймін», – деп түйіндеді министр.

Слет кезінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін полиция жұмысының негізгі бағыттары, соның ішінде сервистік модельге көшу, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оқыту семинарлары өткізілді, сондай-ақ профилактикалық қызметті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар зерделенді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<