Сыр жастары «Жастар нашақорлыққа қарсы!» республикалық челленджін қолдады

937

0

Фото: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Қазақстан халық партиясы Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп, «Жастар нашақорлыққа қарсы!» республикалық челленджін қолдау қозғалысын ұйымдастырды.

«Есірткіге қарсы болсаң, сигнал бер!», «Қызылорда есірткісіз қала!», «Есірткіге жол жоқ!» деген банерлермен волонтерлар, партия мүшелері мен қызылордалық студенттер қала көшелері қиылсы жиегіне және жаяу жүргіншілер өткелдеріне шықты. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бұл акцияны қолдап, нашақорлыққа қарсы екендіктерін танытып, қолдау белгісі ретінде сигналдарын басты!

Шара барысында, есірткі заттарын таратқаны үшін жауапкершілік, есірткі «закладчигі» жұмысына тарту және сенім телефондары туралы флаерлер тарату да ұйымдастырылды.

Қызылордалықтар челлендж эстафетасын Жетісу өңірінен қабылдап алып, Атырау облысына жолдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<