Сыр жастарының жаңа сайты іске қосылды

1041

0

Жастар – ел болашағын жарқын етер шырағдан. Қозғаушы күш білімді, әлеуметтік белсенді, өз құқығын білетін сауатты азамат болып қалыптасуы тиіс. Бұл жөнінен Сыр жастары ешкімге дес бермейді. Қазір еріктілер қозғалысы, түрлі жастар ұйымдары мен бірлестіктер саланы қарқындатуға күш салуда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» да пандемия өршіген тұста жастарды игі істерге жұмылдырып, бірлескен істе береке болатынын дәлелдеді. 12 тамыз – Халықаралық жас­тар күніне орай да орталық тарапынан бірқатар маңызды шара қолға алынуда.

Кеше жастар жаңа «Syr­jastary.com» сайтының тұсау­кесерін өткізді. Көптен күткен ақ­парат алаңында өңір жас­тарына қатысты күнде­лікті жа­­ңа­лықтар жарияланады. Көш­­басшылар жайлы тың мәлі­меттер, қажетті кітап қор­ла­ры­ның электронды нұсқа­сы да сайтта қамтылмақ. Жас­тар­дың қызығушылығын анық­­тау мақсатында сауалнама­лар ұйымдастыру тетігі де қа­рас­­­тырылған. Орталықтағы ІТ парктің базасында да ерекше шара қолға алынған. Мұнда қа­ла тұрғындары істен шыққан компьютерлерін ІТ паркке әке­луде, мамандар оның ішін­дегі қажетті бөлшектерді пайдалана отырып, жаңа компьютер жасақтап жатыр. Олар жаңа оқу жылына орай мұқтаж отба­сының балаларына табысталатын болады. Істің көзін табу деп осындайды айтса керек.

– Пайдалы іске бірлескен түрде атсалысудамыз. Осындай маңызды шақта балалардың ке­дергісіз білім алуына жағдай жасау басты тілегіміз. Тұрғын­дарды маңызды бастамаға қол­дау таны­туға шақырамыз, – дей­ді орталық директоры Бауыр­жан Мастеков.

Бұдан бөлек, орталықтағы IT кітап­хана оқу орталығына айналған. Мұнда тұрмысы тө­мен, мүмкіндігі шектеулі балалар білімін жетілдіре алады. Оған қосымша арнайы волонтерлар, ерікті мұғалімдер тартылады. IT кітапханада бар жағдай қарастырылған, интернет желі­сі де қолжетімді. Орталық дирек­торының айтуынша, қазір пробация есебінде тұрған жастармен де жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді, бірлескен жоба да іске асқан. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен орталық арасында  екі­жақты ынтымақтастық тура­­лы меморандумға қол қо­­­йыл­ды. Мұндағы мақсат – пси­­хо­логиялық кеңес беру, жас­­тарға ой салу және жасаған қыл­мысты қайталамауына септігін тигізу.

Жастардың меншікті мере­кесі марапаттау салтанатымен қорытындыланды. Шарада об­лыстық жастар саясаты мә­се­лелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов жыл көлемінде бел­сенділігімен ерек­шеленіп, креатив­тілігімен көзге түскен жастарға жүрек­жарды лебізін жеткізіп, Алғыс хаттар табыстады. Жаңалықты жылдам енгізіп, өзгеріске оң қарайтын, сенімі берік, ой-санасы сергек жастар барда мемлекет қашанда мықты екенін жеткізді. Шынын да, осындай қарқынмен жаңашыл жас буынның талап пен терең ойды серік етіп, алдағы уақытта да биіктерді бағындыратынына сенім мол.

М.СНАДИНҚЫЗЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<