Астана күні – барша қазақстандықтар үшін мерейлі мереке. Бүгінде еліміздің жүрегі атанған елорда – армандар орындалатын, зор мүмкіндіктерге қол жеткізетін қала.
Қызылордадағы Тұңғыш Президент саябағында еліміздің бас қаласы – Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған «Еңсесі биік елорда» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысып, Сыр жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады.
Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың толағай табыстарының символы, халқымыз қол жеткізген шексіз мүмкіндіктердің үлгісі. Алты Алаштың анасы – Сыр өңірі де төрт астананың төрі болған қасиетті мекен.
Игі шараға жиналған қауым Астана қаласы туралы қызықты сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға белсене қатысты. Мереке одан әрі концертпен жалғасты.
Айта кетейік, Астана күніне орай қала және барлық ауданда мәдени-көпшілік іс-шаралар мен танымдық кездесулер өткізілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<